©
2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау әдістемесі өзгеріп, еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады.
Қазіргі уақытта барлық зейнеткерлер еңбек өтіліне қарамастан, бірдей 15274 теңге базалық зейнетақы алады (төменгі күнкөріс деңгейінің 54%).
2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төмендегіше тағайындалатын болады:
1) азаматтар жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына (ерлер үшін 63 жас, 58,6/63 әйелдер үшін) толған кезде;
2) еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.
Базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа механизімін енгізудің маңыздылығы мынада:
Егер азамат жұмыс істеп және БЖЗҚ-ға тек 10 жыл зейнетақы жарнасы аударылған болса немесе мүлде жұмыс істемеген болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің (әрі қарай – ТКД) 54% мөлшерінде, яғни базалық зейнетақының бүгінгі мөлшеріне баламалы түрде тағайындалады.
Әрбір 10 жылдан артық істеген жыл үшін базалық зейнет ақы 2%-ға ұлғайтылады. Мысалы, еңбек өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы ТКД 74%, 30 жыл жұмыс істесе – базалық зейнетақы ТКД 94%. Бұл ретте, еңбек өтілі 33 жыл және одан астам болса, базалық зейнетақы ТКД 100% аспайтын мөлшерді құрайды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстау театры халықаралық фестивальде дипломмен марапатталдыБазалық зейнетақы тағайындаудың жаңа әдістемесі әлеуметтік әділеттілік қағидасына сәйкес келеді, себебі бұл зейнеткерлердің материалдық жағдайын жақсартып ғана қоймайды, азаматтарды еңбекке ынталандырады және еңбек қатынастарын заңдастыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық болашақ зейнеткерлерге де және зейнеткер болып саналатындарға да қатысты болады.
1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі зейнетақы іс құжаттарындағы мәліметтер бойынша анықталады, қосымша құжаттар талап етілмейді. Міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер бойынша мәліметтер міндетті зейнетақы жарналары аударылуы жөніндегі орталық тандырылған деректер қорынан алынатын болады.
У. НҰРЛЫБАЕВ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КеАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы, әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы департаментінің директоры