©
Маңғыстауда Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында киіз үйлер тігіліп, көпшілікке арналған мәдени шаралар ұйымдастырылды. Қолөнер бұйымдарынан көрме-жәрмеңке, театрландырылған көрініс пен өнер жұлдыздарының концерті өтті. Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары арқан тарту, асық ату, қазақша күрес, гір тасын көтеру, қол күшін сынасу, тоғызқұмалақ сайыстарынан бақ сынасты.
Көпшілікті наурыз мерекесімен Маңғыстауға арнайы іссапармен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов құттықтады.
- Ұлыстың ұлы күнін киелі мекенде қарсы алғаныма қуаныштымын! Наурыз – ынтымақ пен берекеге толы мереке. Бұл күні әрдайым бейбітшілік пен тыныштық орнаған, бағзы заманда соғыстар тоқтатылып, өкпе-наздар кешірілген. Біз де осы тамаша дәстүрді құрметтеп, бағалаймыз, — деді М. Әшімбаев.
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="50457,50456,50455,50454,50453,50452"]