©
Жылдың басы болып саналатын ұлық мереке спорттық жарыстармен басталды. Шетпеде 25 шақырымдық аламан жарыс өтті. Құнанорыс әулеті белсенді әрі жоғары деңгейде дайындалған аламан бәйгеге бас-аяғы 61 жүйрік бақ сынасты. 8 айналымды тулай шапқан тұлпарлар бірінен-бірі баса озып тұр. Жарыста бірінші келген қатысушыға - темір тұлпар (тойота), 2-і орынға нива автокөлігі, ал 3-і орынға мотоцикл тігілді. Жарысқа бәйге десе делебесі қозатын ер жігіттер көптеп жиналған. Аламан жарыстың қорытындысы 14-і күні Отпан тауда арнайы комиссияның шешімімен жарияланып, сыйлықтар тапсырылады.
Сонымен қатар 70, 80, 90 келі салмақтар бойынша аударыспақ ұйымдастырылды. Отпан тауда Қазақстанның әр облысынан, әр ауданынан келетін құрметті қонақтарға арналып берекелі дастархан дайындалды. Жергілікті шеберлердің қолынан шыққан бұйымдардан жәрмеңке де ұйымдастырылған.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН