©
Маңғыстау делегациясының Біріккен Араб Әмірліктеріне іс сапары аясында кешен құрылысын салу жөнінде келісімге қол қойылды.
Ақтау қаласында тұрғын үй кешені, бизнес орталықтар мен қонақ үйді қамтитын 35 қабатты ғимарат салынады. Құжатта көрсетілгендей, құрылыс жобасындағы жұмыстар цифрлық технология элементтерін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға көмектеседі. Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін қазақстандық құрылыс компаниялары мен құрылыс материалдарын өндірушілер де тартылады.
-Екіжақты бизнес-форумның алдын ала белгіленген бағыты мен бағдарының бірі - Маңғыстау өңірінде көпфункциялы 35 қабаттық кешен салу болатын. Оған байланысты Шейх Сурурмен келісім шартқақол қойдық. Жоспарлау жұмыстары басталды, - деді облыс басшысы Ералы Лұқпанұлы.
Өткен жылы қазан айында Шейх Сурур бин Мұхаммед әл-Нахайян мен Шейхтің Қазақстандағы өкілі Мұхаммед Бахуш Маңғыстау облысына арнайы сапармен келді. Кездесу барысында Шейх Сурур бин Мұхаммед әл-Нахайян Ақтау қаласында жүзеге асырылатын жобаларын көрсетіп, аймақты дамыту жобаларын қолдауға ниетті екенін жеткізген болатын.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ