Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы ҚР Жолдауында білім беру мәселесіне кеңінен тоқталып өтті. Әрдайым басты назарда ұстанған білім саласы биыл да жаңа бағытымен жоспарға енді. Елбасы білім саласындағы өзгерістерге бейім жастарды тәрбиелеуді алға қойды. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың өз бетінше оқып үйренуін, жаңа стандарттарға сай білім алуын жүзеге асыруды міндеттеді.
Осы мақсатта Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосында «Арай-1» жекеменшік балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Тәй-тәй» технологиясын қолдану негіздері» тақырыбындағы аудандық семинар болып өтті. Семинарға аудан бойынша мемлекеттік және жекеменшік балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Аталған семинарға жас мамандар мен ата-аналар қатысып, өз әсерлерімен бөлісті.
Алғаш рет 2014 жылы Мектепке дейінгі ұйымдарда «Тәй – тәй» технологиясын қолдану негіздері» тақырыбындағы семинар «Арай» жекеменшік балабақшасында өткізілді. Биыл міне, біздің тәжірибемізде екінші рет өткізіп отырмыз. «Арай» жекеменшік балабақшасы 2011 ашылып, 2014 жылы «Арай-1» жекеменшік балабақшасымен кеңейді.
Жаңа ғимараттың бой көтеруімен қатар, балабақша топтар санымен жас мамандармен толықты. Осы аралықта балабақша ұжымы көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, семинарлар мен курстарға қатысып біліктіліктерін арттырды. Сондай-ақ, балабақша тәрбиеленушілері де облыстық, аудандық байқаулардан жүлделі орындарға ие болып көз қуантып жүр. Қазіргі таңда балабақша тәрбиеленушілері ҚР жалпыға Білім беру стандартына сай білім алып қана қоймай, жаңа технология бойынша да өз білімдерін жетілдіріп, тәрбиеленуде.
Анар Қалжан, «Арай-1» жекеменшік балабақшасының меңгерушісі
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="48559,48558,48557"]