Ақтау қаласының əкімі Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы əкімі Ералы Тоғжанов бастаған облыс жəне қала активтерінің алдында Ақтау қаласының бас жоспарын түзету бойынша жаңа əлеуметтік бағдарламаның тұсаукесерін жасады. Облыс орталығын жаңғырту мақсатында қала әкімі "Ақтау серпін" жобасын таныстырды.
"Жоба қала халқының өмір сапасын заманға сай жақсартуды, тұрақты экономикалық дамуды, бәсекеге қабілеттілікті көздейді", - деп атап өтті Ғ. Мұқырұлы.
Жоба төрт бағытты қамтиды: адами капиталды дамыту (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт), қалада тіршілік ету ортасын жақсарту (көлік, тұрғын үй мәселелерін шешу, аумақтарды және инфрақұрылымдарды дамыту), қаланың бәсекелестік мүмкіндіктерін пайдалану (инновациялық технологияларды өндірістік орындарына енгізу) және "Ақылды қала" элементтерін енгізу, қайырымдылықты қолдау.
Қаланың бас жоспарында "Нұрлы жер" бойынша жеке тұрғын үй салу үшін бос жер жоқ. Аталған бағдарлама бойынша Ақтау қаласынан әуежайға баратын жолдағы 3 890 Га бос жерді пайдаланбақ. Бұл мəселені шешу үшін қала əкімі Ақтау қаласы мен Түпқараған аудандарының жерлерін қосу арқылы қала мен Түпқараған ауданының əкімшілік шекараларын өзгертуді ұсынды.
"Қазір облыстық сәулет құрылыс басқармасы мен және Түпқараған ауданы әкімдігімен осы жұмыстарды бастап кетті", - деді қала әкімі.
"Бұл халықты жеке тұрғын үймен қамтуға мүмкіндік береді", - деді Ғалымжан Ниязов.
Бірақ облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Найзабек Жайлаудың айтуынша, бұл жерде жеке тұрғын үй салуға тек 9500 жер телімі бар. Қалған жер телімі 2, 3, 4 қабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады. Осының бəрі тек 67-70 мыңдай адамды үймен қамтамасыз етеді.
Ал қазіргі таңда Ақтау қаласында 71 338 адам кезекте тұр.
https://www.youtube.com/watch?v=-wiT2w8lUzA"Бұл жоба халықтың барлық сұрағына жауап беруі керек. Халыққа осыншама жер телімі бар, осы жобаға сәйкес мынанша адамды қамтитын мүмкіндігіміз барнақтысын айту керек. Осы сұраққа жауап керек", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген автор
Видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
Тағы оқыңыз: Қыдырып келіп жұмыс жасаған 79 әзірбайжандық жауапқа тартылды