©
«КазАвтоЖол» ҰК" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры қызметіне Ербол Омаров Бақтиярұлы тағайындалды.
Ербол Омаров 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
Білімі - жоғары, 2006 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникация академиясын «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша аяқтаған.
2009 жылы Алматы университетінің заң факультетін бітірді.
Еңбек жолын 2006 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымы комитетінің техникалық саясат басқармасының жетекші маманы ретінде бастады.
2006-2007 жж. Қазақстан-Ресей автожол кешенінің жол бөлімінде жетекші маманы; 2007-2011 жж. Қазақстан Республикасы Көлік инфрақұрылымы комитетінің құрылымында;
02.2011-04.2011жж.- «Жол-Сапа» ЖШС инженері;
2011-2013жж.- бизнес саласында;
2013-2017жж.- «ҚазАвтоЖол» ҰК» Ақ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары;
2017 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазахавтодор» РМК директорының орынбасары болып қызмет етті. «Жол саласына қосқан үлесі үшін» медалімен, «Батыс Европа-Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыруға үлес қосқаны үшін «Құрметті жолшы» төс белгісімен марапаталған.