©
"Ералы Тоғжанов 2018 жылды Мұнайлы ауданына жұмыс сапары барысында аудандағы білім ошақтарының жұмысымен танысты", - деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметі.
Мұнайлы ауданындағы №6 орта мектебінде 3 210 оқушы мен 321 қызметкер бар. Мектеп үш ауысым бойынша білім береді. Ералы Тоғжанов бұл мәселенің оңтайлы жолдарын қарастырып, түпкілікті шешуді тапсырды.
Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев Басқұдық ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысы аяқталып, ағымдағы жылы пайдаланылуға берілетіндігін айтты. Сондай-ақ биыл тағы 5 мектептің құрылысы басталмақ. Сол арқылы аудандағы үш ауысымды оқыту жүйесін реттеуді көздейді.
Кездесу соңында облыс әкімі мектептегі жас спортшылармен кездесіп, олардың жетістіктеріне куә болды.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бұдан кейін Қызылтөбе ауылындағы 75 орындық «Мың ғасыр» жекеменшік балабақшасының жұмысымен танысты. 2 ай бұрын ғана ашылған балабақша 19 адамды жұмыспен қамтып отыр. Баспасөз қызметінің хабарлауынша облыс әкімі алдағы уақытта балабақшаның ауласын кеңейту қажет екенін айтқан.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ