Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы (МОҚКС) облысымызда оба, тырысқақ және тағы да басқа көптеген аса қауіпті жұқпалы аурулардың ошақтарын анықтау және олардың алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Оба індеті бактериялогиялық аурулардың санатына жатады. Адамға табиғатта оба індеті кеміргіштерден (тасымалдаушы) және олардың бүргелерімен кенелерінен (таратушы) жұғады. Сол себепті, МОҚКС оба ауруының алдын алу мақсатында жыл бойына Маңғыстау облысының барлық аудандарында оба індетін тасымалдаушылар мен таратушыларына есеп жүргізу және оларға зертханалық зерттеулер жүргізеді.
2017 көктемгі маусымда эпизоотологиялық тексеру барысында Маңғыстау ауданының Құртұрмас шатқалында (халық арасында Иірдің ойы деп аталып кеткен) түрі және түсі ұсталып жүрген құмтышқандарға ұқсамайтын кіші құмтышқандар ұсталды (фото). Түрі анықталмаған кеміргіштерге морфологиялық, краниометрологиялық және этологиялық зертеулер жүргізілді. Зертеулердің нәтижесінде түрі анықталмаған кеміргіштер кіші құмтышқандардың жаңа түрі екендігі анықталды.
Зертеулерді жүргізген зоолог, жаңадан табылған кеміргішті Маңғыстау облысында табылуына байланысты Маңғыстау құмтышқаны деп атады.
Зертеуді жүргізген Қанат АМАНЖОЛОВ,
МОҚКС зоологі
Тағы оқыңыздар: Әлі есімде желтоқсанның ызғары…