Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Ақтауда «Жастар – Тәуелсіздік тірегі!» атты патриоттық акция өтті. Жастар акциясы Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК шекара қызметі «Жағалау күзеті» қызметінің әскерилері мен өлке жастарының орталық көше арқылы Мемлекеттік Әнұранды шырқап, ұзындығы 15 метр, ені 7 метр болатын мемлекеттік ту мен ұзындығы 10 метр, ені 6 метр болатын Рухани жаңғыру туын алып жүруімен басталды. Өйткені мемлекеттік рәміздер – Қазақстан халқының бірлігінің, елдегі бейбітшілік пен татулықтың белгісі.
Шараның мақсаты – патриоттық рух қалыптастыру.
"Мәңгілік алау" тұсынан басталып "Астана" орталық алаңына дейін жалғасқан мерекелік шеру қала тұрғындарына арналған спорттық-көпшілік шараларға ұласты.
https://youtu.be/vLFsdZws4BYБұл күні қала орталығында жастар және ересектер арасында кір тасын көтеру, армреслинг, асық ату, арқан тарту сынды спорт түрлерінен бақ сынасты.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттер мен видеоны түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ