Ұстау кезінде екі бас киік пен 12-калибрлі аңшы мылтығы, 6 дана 12-калибрлі оғы айғақтық заттай дәлелдемелер ретінде тәркіленіп алынған. Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға осы жылдың 13 желтоқсан күні сағат 00:30 шамасында болған.
«Құқықтәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу АІІБ-нің қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК АРФ Бейнеу тірек пункті инспекторлары бірлескен рейдтік шарасы кезінде Бейнеу селосынан солтүстік-шығыс бағытына қарай 92 шақырым қашықтықта кетіп бара жатқан Урал мотоциклін тоқтатады. Мотоциклде екі белгісіз тұлға болған. Оларды тексеру барысында мемлекет тарапынан аулауға тыйым салынған екі бас киік және 12 калибрлі аңшы мылтығы, 6 дана 12 калибрлі оғы айғақтық заттай дәлелдемелер ретінде тәркіленіп алынған.
Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, олар Бейнеу селосының тұрғыны 1986 ж.т., К.Р. және Өзбекстан Республикасының азаматы 1990 ж.т., С.А. екендігі анықталды.
Аталған дерек бойынша Бейнеу АІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 337 (заңсыз аңшылық) бабына сай қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта алдын-ала тергеу амалдары жүргізілуде.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="44675,44676,44671"]