Маңғыстау облысында 40 қоғамдық келісім кеңесі бар
[ 2017 ] 23 қараша, 08:59 | Маңғыстау жаңалықтары
Ақтауда Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XХI сессиясы өтті. «Рухани жаңғыру – Ұлт жаңғыруы» деп аталған жиынға Ассамблеяға мүше өңірдегі 20-дан астам этномәдени бірлестіктің өкілдері, мәслихат депутаттары, аудандар мен қалалардың әкімі, азаматтық қоғам институттары өкілдері қатысты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетерлігі, Маңғыстауда құрамына 300-дей адам кіретін облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі 40 қоғамдық келісім кеңесі бар. Ассамблея құрамына 97 адам кіреді.
Кездесуді облыс басшысы Ералы Тоғжанов ашып, жиында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттердің Маңғыстау облысында жүзеге асырылуы және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында айтылған тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.
- Бүгінде ұйым халықтық өкілдіктің ерекше тетігі ретінде мемлекеттің қоғамдық бақылау жүйесінде ерекше рөлге ие. Ассамблея елімізде тұратын барлық этностардың бірегей де төл мәдениетін сақтап, қоғамдық келісімді нығайту мен халық бірлігін жетілдіру жолында көптеген жұмыс атқаруда, - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Өңір басшысы өз сөзінде Ассамблея тарапынан атқарылған шараларға тоқталды.
Корейлердің Қазақстанда қоныстанғанына 80 жыл толуына орай мерейтой, Түпқараған ауданында
Тарас Шевченко мұражайының 85-жылдығы, Корей этномәдени бірлестігінің 25-жылдығы кең көлемде атап өтілген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
Отпан тауға үш бидің ескерткіші қойылды.
Облыс әкімі Е. Тоғжанов Ассамблеяның ғылыми-сарапшы тобына Маңғыстаудың әлі де беймәлім жерлерін зерттеп, тарихи-мәдени құндылықтарын жаңғыртуға тапсырмалар берді. Ол үшін әлеуметтік зерттеулер, әлеуметтік сауалнамалар және ғылыми-методикалық шаралар жүргізу керектігін айтты. Бірқатар басқарма басшыларына мемлекеттік этносаясатты тиімді жүзеге асыруды тапсырды.
Атап өтерлігі, аймақта
қайырымдылық жасаушылардың саны күн санап артып келеді. Бүгінде 224 адам 4 млрд.теңгеге көмек көрсеткен. Е. Тоғжанов өз сөзінде өлке тұрғындарын қайырымдылық істерді жалғастыруға шақырды.
Сессия соңында облыс әкімі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерін облыстық Ассамблеяның белсенді мүшелерін марапаттады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="42783,42786,42784,42789,42788,42782,42787"]
1124
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.