©
Қолына дипломын алып, жұмыс іздеген жастардың небір асқақ арманына қол жеткізу үшін алыстан арбалағанды дұрыс көретіндері бар. Бір елде әрі оңай, әрі жалақысы мол жұмыс барын естісе, ойланбастан шет ел асып кете беретін қыз-жігіттердің адам саудасымен айналысатын алаяқтарға «жем» болып жатқандары қаншама. Құжатынан да, құқығынан да бір сәтте айрылып, қожайынына тәуелді құл болып шыға келеді. Олардың құлдыққа тап болғанын ата-анасы да білмей жүргендері көп. Баласы шет елде тәуір жұмыста жүр деп ойлайтын олар күндердің күнінде шындықты біліп, «аһ» ұрып жатқаны. Таяуда әскери-патриоттық клубтарының «Қайсар» Маңғыстау аймақтық одағы жастар қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік және қоғамдық тапсырысын жүзеге асыру аясында «Рухани және отбасылық құндылықтарды насихаттау, патриоттық тәрбие мен аймақтағы жасөспірімдер мен жастар арасында қылмыстың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» және қоғамда адам саудасының алдын алу мақсатында «Меридиан» медицина коледжінде семинар-тренинг өткізді. 1-4 курс студенттері қатысқан тренингте қоғамдық бірлестіктің үйлестіруі мамандары Нұрсұлтан Отарбаев пен Руслан Сартаев адам саудасының алдын алу және одан қалай сақтану керектігі жөнінде дәріс оқып, бұл мәселені жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ арнайы дайындалған бейне ролик корсетіліп, слайд арқылы да ақпараттар берілді. Ал студенттер тақырыпқа байланысты сауалдарына жауап алды.Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="40199,40197,40200,40198"]