«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалындағы «Нұрлы жол» комиссиясының мүшелері Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылындағы 600 орындық орта мектептің құрылыс алаңына барды. Облыстық мәслихаттың, Мұнайлы аудандық мәслихатының депутаттары, облыстық білім басқармасының өкілдері құрылыс сапасына бақылау жасап, құрылыс барысымен танысты.
Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Лепес Бекжановтың айтуынша, маусым айында құрылысы басталған Басқұдық ауылындағы мектепті салуға 1 млрд. 734 млн. теңге қаржы бөлінеді. Биыл оның 1 млрд. 543 млн. теңгесі игеріледі.
– Бүгінде облыс көлемінде 9 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Осы жылдың аяғында Құрықтағы Ералы стансасында салынып жатқан мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Келесі жылы Шетпедегі Ащыбұлақ шағынауданында, Сайын Шапағатов ауылында, Жаңаөзендегі «Арай», «Рахат», «Рауан» шағынаудандарында, Қызылтөбе ауылында, Ақтаудағы 32 а шағынауданында салынып жатқан мектептер ел игілігіне тапсырылады, – деді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Лепес Бекжанов.
Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
Тағы оқыңыздар: Ақтаулықтар президенттік сынақтан өтті [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="39281,39282,39285,39284,39280,39283"]