Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі жаңа оқу жылын 620 оқушымен бастады. Оның 80-і «Өркен» білім грантына ие болғандар.
Естеріңізге сала кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алуға мүмкіндік беретін «Өркен» білім грантына байқау биылғы жылдың наурызында өткізілген болатын. Байқауға 900-ден аса үміткер қатысып, сынақ тапсырған болатын. Олардың ішінен ең жоғарғы балл жинаған 80 бала ғана іріктеліп алынды, сынақта 1000 балл ішінен ең жоғары жиналған балл 910-ды құрады.
Тағы оқыңыздар: Ақтауда 13 жастағы оқушы теңдесі жоқ жасанды протез ойлап тапты-Өткен оқу жылының ең маңызды оқиғаларының бірі - алғашқы түлектеріміз білім ордасын аяқтады. Мектептен түлеп ұшқан 87 түлектің бүгінде 85 %-ы Қазақстанның ең үздік университеттері мен шет ел университеттерінің грантына ие болды. Мұның барлығы білім мен тынбас еңбектің арқасы. Биыл да оқушыларымыз үздік болуға тырысып, болашақ көшбасшылардың қатарынан көрінеді деп үміттенеміз, - деді мектеп директоры Ермек Пайзов.
Венера МИРЛАН