©
Маңғыстау облысы прокуроры Сартаев Дастан Шаймерденұлының ықпалымен Ұлы Отан соғысының ардагері Қожанов Даражатқа, Ақтау қаласының жаңа шағын-ауданынан тұрғын үй берілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 91 жастағы соғыс ардагерін облыс прокуроры арнайы құттықтап барып, майдангерге ақ тілегі мен жылы лебізін білдірді. Елімізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлаған ардагердің ерліктері ешқашанда ұмытылмайды. Ардагерге құрмет көрсету, ұрпақтарға олардың ерлік, елдік істері арқылы тәрбие беру – аға ұрпақтың төл міндеті.