Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының 7-шағын ауданындағы үйлердің бірінде есірткіні заңсыз сатумен, сақтаумен және тасымалдаумен айналысқан қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жеке тінту кезінде «марихуана» есірткі затына ұқсас жасыл түсті ұнтақ салынған 1 қағаз пакет алынды.
Сондай-ақ күдіктінің пәтерінен марихуананы қолдануға және шегуге арналған екі бірдей қағаз пакет пен «бульбулатор» табылып, тәркіленді.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 8,81 граммды құрайды.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 21 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.