ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігін сақтауға бағытталған іс-шаралар жүзеге асыруды жалғастырып келеді. 1 қазаннан бастап Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаменті Каспий маңы мемлекеттерінің шекара ведомстволарымен және Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірлесіп браконьерлік қызметтің жолын кесуге бағытталған бірлескен жедел-профилактикалық іс-шаралардың екінші кезеңін өткізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қазан айының басынан бері 4 құқық бұзушы ұсталды, 4 жүзу құралы мен 27 шақырымнан астам браконьерлік желі тәркіленді. Ұсталған адамдарға жалпы сомасы 122 520 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.
Тіршілік ету ортасына 104 бекіре тұқымдас балық және 9 итбалық қайтарылды. Жалпы сомасы 219 343 913 теңге залалдың алдын алды.