Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары үшін мүгедектерді жеке оңалтудың бағдарламасы бойынша консультациялар, республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша кеңес беріледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Шара 13 қазан күні «Адал көмек» жобасы аясында өтеді.
Аталған тақырыптар бойынша Маңғыстау облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшылығы тегін көмек көрсетеді.
Қосымша сұрақтар бойынша Ақтау қаласы, 23 шағынаудан, 100 ғимарат, «Антикор» орталығына барып білуге болады. Шара 13 қазан күні сағат 11:00-де басталады.