Маңғыстауда «OYU LIVE» алғаш рет түсірілім жасады. Түсірілімге белгілі өнер жұлдызы Луина, жергілікті музыкант Big Som және заманауи музыканы жаңғыртып жүрген жаңа толқын Kilemger, Rauana қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстаудың көрікті жерінде Kilemger «Zhan aktau» әнін орындады. Ал Луина мен Big Som «Один» әнін жаңғыртса, Rauana жұлдызды аспан астында «Оrap al» әнін тындармандарға ұсынды.
Табиғат аясындағы туындыны шығаруға «Kazakh Tourism» ҰК АҚ атсалысқан.
«Маңғыстау – елдегі ең қызықты фильм локацияның бірі. Мұндай таңғажайып көріністерді көп жерден кездестіре бермейміз. Сондықтан фильм-туризмді дамыту үшін «OYU LIVE»-тың түсірілім ұйымдастыруына қолдау көрсеттік. Сол арқылы елде әлі танылмаған, аңыз болған жерлерді шетелдіктерге танытамыз», – дейді компанияның атқарушы директоры Даниел Сержанұлы.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА