Ақтау гарнизонының әскери бөлімдерінде «Сарбаз картасы» акциясы өтуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жауаптылардың айтуынша, бұл акция әскерлердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бағдарламасын және әскерлердегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі өзге де профилактикалық іс-шараларды іске асыру мақсатында жүргізіліп жатыр.
– Іс-шараның басты мақсаты мерзімді әскери қызметшілерге ақшалай үлесті уақытылы аудармау және банк карталарының болмауы фактілерін анықтау, мерзімді әскери қызметшілерден ақша қаражатын заңсыз жинау фактілерін анықтау, мерзімді әскери қызметшілер арасында өтелмеген кредиттер бойынша қарыздарды анықтау, мерзімді әскери қызметшілердің карталық есептеріне ақшалай қаражат аудару арқылы ақшалай қаражаттарын қорқытып алу фактілерін анықтау, екінші деңгейдегі банктерде және шағын қаржы ұйымдарында кредиттері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар алдындағы өзге де борыштары бар сарбаздарды анықтау болып табылады, - деді Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы анықтау және іздестіру бөлімінің бастығы әділет майоры Болат Мусин.
Аталған акция барысында Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы қылмыстық қудалау бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларымен әскери қызметшілерге қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің салдарын жеткізіп түсіндіру бойынша алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр.
Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметшілерге және олардың туыстарына қатысты қандайда бір орын алған құқықбұзушылықтар белгілі болған жағдайда Әскери полиция бөліміне хабарлауға боладындығы жеткізілді. 5 қыркүйек басталған шара пен 17 қазанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, Ақтау қаласы 4 ш/а 32 «А» ғимаратында орналасқан Ақтау гарнизоны Әскери полиция бөлімінің телефондары: 8/7292/33-67-94 және +77011277762.