Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында және партияның кезектен тыс XXIV съезі мен халықтық коалиция форумының қорытындысы бойынша “AMANAT” партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Н.Қарасаев, “AMANAT” партиясы Ақтау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты А.Шамшадинова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрайымы Н.Сейдалыева, Ақтау қалалық мәслихат детутаты Ш.Гусейнов, “Көктем” БПҰ төрайымы А.Ертілеуова “Каспий жылу, су арнасы” КММ қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Н.Қарасаев жолдаудың маңызын, басым бағыттарын қысқаша баяндап, жолдауға байланысты өзіндік тұжырымдаламаларын, жаңа реформада еліміздің дамуына бағытталған көптеген жақсы өзгерістер бар екендігін айтып өтті.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамыуына әрбір адамның үлес қосуы маңызды екенін айтып, жолдау аясында бірге жұмыстануға шақырды.