Бүгін Balqaimaq - Food Fest үлкен тамақ фестивалі өтіп жатыр. Оған Ақтаудағы 20 мейрамхана мен кафе қатысып, жергілікті аспаздық трендтерді көпке ұсынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Фестиваль аумағында келушілердің демалуына арналған жұмсақ аймақтар, арнайы фотоаймақтар және суретке түсіруге арналған сахналық нысандар болды. Іс-шара барысында ересектер үшін де, балалар үшін де түрлі алаңдарда шаралар өтті», - дейді Rixos Aktau және TetysBlu басқарушы директорі Серік Исағалиев
Фестивальдің басты ерекшелігі - кондитерлердің «шайқасы», онда финалистер нақты уақыт режимінде жарысып, кондитерлік өнім дайындайды. Ал дайын болған өнімді іс-шара қонақтары мен қазылар алқасы да баға берді.
«Апта басында BalQaimaq фестивалінің жарнамасын көрдім. Маған фестиваль аты ұнады және құрбыммен бірге келуді жөн көрдім. Осында жүрген демалушылар саны көп екен. Бағдарлама да қызыққа толы», - дейді Атырау облысының тұрғыны Сәуле Әкім.
Жалпы фестивальге 10 мыңнан аса адам келді. Енді қала тұрғындары мен қонақтары Luina және Burkhanov brothers өнеріне куә болады.