Монополияға қарсы органмен шағын кемелерге арналған айлақтарды жалға беру қызметтері нарығына талдау жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Талдау өңірдің туристік әлеуетіне қарамастан айлақтарды жалға беру қызметтерінің нарығы жеткілікті дамымағандығын және «Бриз» Яхт-клубы ҚБ жалғыз монополист ретінде өз қызметін жүзеге асыратынын көрсетті.
Яхт-клуб тарапынан монополиялық жағдайды теріс пайдаланумен сипатталған монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына жол берілгені анықталды.
Атап айтқанда, яхт-клуб тең мәнді келісімдерге қарамастан, объективті түрде ақталмаған себептермен шағын көлемді кемелердің тұрақтары үшін айлақтарды жалға беру бойынша әртүрлі бағаларды қолданған.
Сонымен қатар яхт-клуб мемлекеттік органдардың функцияларын өзіне заңсыз жүктеп, кеме иелері мен олардың тұтынушылары арасындағы құқықтық қатынастарға араласып, кәсіпкерлерге жолаушыларды отырғызуға және түсіруге тыйым салған немесе рұқсат берген.
Жоғарыда аталған мәселелер кедергілер жөніндегі кеңес отырысында да талқыланды.
Сондай-ақ Ақтау қаласының әкімдігінің әрекетсіздігі мен тиісті бақылаудың болмауынан яхт-клуб тарапынан қолданыстағы заңнама, соның ішінде Жер кодексінің нормалары өрескел бұзылған.
Монополияға қарсы органның құзыретіне кірмейтін мәселелер қадағалау сипатындағы шаралар қабылдау үшін прокуратура органдарына жіберілді.
Талдау нәтижесі бойынша монополияға қарсы орган яхт-клубтың мекенжайына хабарлама түрінде 2 монополияға қарсы ден қою актісін енгізді, олар күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуы қажет. Орындалмаған жағдайда ірі айыппұл салу және монополиялық табысты тәркілеуді көздейтін тергеп-тексеру тағайындалады.
Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет фактілері анықталған жағдайда материалдар тиісті құқық қорғау органдарына жіберіледі.