Ақтау қаласы 19 ш/а аумағын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында №3 қоғамдық көлігінің жүру бағытына уақытша өзгерістер енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-Ендігі кезекте №3 маршруты төменгі шағынаудан бағытынан келіп, 28×29×30×19 шағынаудандар жол қиылысынан екі бағытқа 3«А» және 3«Б» маршруты болып екі бағытқа бөлінеді, дейді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.
3«А» және 3«Б» маршруттары қаланың жоғары шағынаудандарын қарама-қарсы айналып келіп, бұрынғы бағытына қайта түсетін болады.
Жаңа үлгідегі №3 маршрутты 26.09.2022 ж бастап іске қосу жоспарлануда.
Ескерту: Аталған маршрут бағыты уақытша ғана, яғни жаңа маршруттар іске қосылғанға дейін.