Мұнайлы аудандық Полиция бөліміне алаяқтың арбауына түскен жергілікті тұрғын арызданған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұнайлылық тұрғынға жүргізуші куәлігін алып беруге және автокөлігін жөндеп беруге уәде берген алаяқ 680 000 теңге шығын келтірген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесімен 26 жастағы күдікті ұсталды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген полиция хабарламасында.