2022 жылы 20 тамыз күні сағат 21.50 шамасында Маңғыстау облысы ПД-нің қызметкерлері “Қарасора-2022” жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Ақтау қаласы 19 шағын ауданынан 36-жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке басына тінту жүргізу барысында апиын есірткі затына ұқсас зат анықталып, одан әрі күдіктінің пәтеріне тінту жүргізу кезінде 8 дана пакетке оралған апиын есірткі затына ұқсас зат табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3)-тармағымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.