2022 жылдың 19 тамызында Ақтау қаласы 8 шағын аудан, 20 үйге қарама-қарсы тас жолда полиция қызметкерлері «Лада-21150» автокөлігі тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің ішкілікті масаң күйде көлік басқарғаны анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүргізушіні 2021 жылдың қыркүйек айында сот жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.