22 тамыз күні Мұнайлы ауданы Полиция бөліміне “Н” есімді жергілікті тұрғынның Маңғыстау облысы аумағында есірткі затын өсірумен және таратумен айналысып жүргені туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ескірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 44-жастағы әйел адамды ұстап, мекен-жайы бойынша тінту жүргізу барысында үйінің ауласынан салмағы 4,8 грамм болатын есірткі өсімдігі тәркілеген.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген баспасөз хабарламасында.