Жұмыспен қамту орталығы жұмысынан айырылған азаматтарға қандай көмек берілетінін айтты. Бұл мәселе облыс әкімдігінің телеграм каналында көтерілген еді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Нұрсұлтан Черкешбаевтың айтуынша, ҚР заңына сәйкес жұмыссыз қалған азаматтар 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем ала алады. Оған қойылатын шарттар бар.
- Ол үшін алдымен жергілікті Жұмыспен қамту орталығына барып, «жұмыссыз» азамат ретінде тіркелуі керек. Жәрдемақы алу үшін соңғы 1-3 жылдықта зейнетақы аударылған жұмыс орнында еңбек етіп, жұмыстан шығып қалған болу керек Жұмыстан айырылғандық үшін 1 айдан 6 айға дейін жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар,деді Нұрсұлтан Черкешбаев.
Төлемді қайда барып тағайындатады?
1. Жұмыссыз ретінде тіркелуде Халықты жұмыспен қамту орталығына;
2. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер бар болса);
3. «Электрондық үкімет» (www.egov.kz) веб-порталы арқылы (жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер болғанда), ҚР Еңбек кодексінің 52-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша жұмысын жоғалтқан адамдарды қоспағанда.
«Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ ақпарат және брифинг ұйымдастыру бөлімінің маманы Балнұр Смайылдың айтуынша, телеграмм-каналда осыған ұқсас сұрақтар көп түседі. Мемлекеттен жәрдемақы алуға ниетті адамдар көп. Әрқайсысында түрлі себеп бар, бірі - мүлде осы уақытқа дейін жұмыс істемеген жастар болса, бірі – өзіне қолайлы жұмысты таба алмай жүргендер қатарынан.