4 шілде күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев "NCOC" компаниясының директоры Оливье Лазармен кездесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екіжақты кездесуде компанияның инвестициялық мүмкіндіктері, азаматтық қоғамды дамыту перспективалары және өңірдегі "NCOC" компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалары талқыланды.
Жиында облыс әкімі аталған компаниямен экономиканың түрлі салаларында нақты жобаларды жүзеге асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін айтып, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Айта кетсек, 1998-2022 жылдары Маңғыстауда NCOC компаниясының қолдауымен 113 әлеуметтік инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Оның ішінде мектептер, ауруханалар, балабақшалар, дене шынықтыру және сауықтыру орталықтары, жол құрылысы және т. б. бар.