«Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, Жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж. Досполова, Білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Қ. Газимова, Балалардың құқықтарын қорғау, инклюзивті және арнайы білім бөлімінің басшысы Ш. Байдуллаева және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс кеңес төрағасының орынбасары А.Шамшадинованың және кеңес мүшесі, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ж. Мұханбетқалиқызының төрағалығымен өтті.
Күн тәртібінде Азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу, халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру мәселелері және Балалар жылына орай жоспарланған іс-шаралар қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж. Досполова өңірде атқарылып жатқан шаралар бойынша ақпарат берді.
Содан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Білім басқармасының адамгершілік-рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Қ.Газимова және Балалардың құқықтарын қорғау, инклюзивті және арнайы білім бөлімінің басшысы Ш.Байдуллаева Балалар жылына орай жоспарланған іс-шараларға қысқаша тоқталып өтті.
Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері және қатысушылар тарапынан тиісті ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Кеңес қорытындысы бойынша хаттамалық ұсыныстар тиісті мекеме басшыларына жолданатын болады.
Жиналыс соңында кеңес төрағасының орынбасары А.Шамшадинова және кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Ж.Мұханбетқалиқызы Референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатын болатындығы туралы, сонымен қатар барша жастарды өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында Референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата заңы - Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды.