Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар тасымалы қалпына келтірілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Өзбекстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі ел арасындағы жолаушылар тасымалы 2020 жылдың наурызында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтаған.
– «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ келісімі бойынша Өзбекстан мен Қазақстан Республикасы арасындағы жолаушылар тасымалы қалпына келтірілді. Биыл 15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы «Нүкіс-Бейнеу-Нүкіс» бағыты бойынша жүре бастайды. 16 мамырдан бастап №1/2 пойыз «Алматы-Ташкент-Алматы» бағытына қатынайды, - делінген «Өзбекстан темір жолдары» АҚ баспасөз қызметінде.
Бұл пойыздар «Орталық-Ташкент» теміржол вокзалынан Қазақстанға аптасына үш рет жүреді.