Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті "МАЭК-Казатомпром" ЖШС-не тиесілі ЖЭО-1 аумағына шолу жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шолу жүргізу барысында атмосфералық ауа мен су жинау каналы суының сынамалары алынды.
"Алынған ауа сынамалары бойынша шамадан тыс арту анықталмады су сынамасының зертханалық талдау нәтижелері қосымша хабарланатын болады", - деді Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мамандары.
Аталған жұмыстар ЖШС тарапынан су тарту каналында канал толық тазаланбайынша әлі де жалғасатын болады. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген талдау нәтижелері негізінде Департамент қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдайды.