© Сурет архивтен
Бүгін республикалық маңызы бар Бейнеу – Сай-Өтес- Шетпе - Жетібай - Ақтау» тас жолы уақытша жабылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақавтодор» ЖШС Маңғыстау филиалының мәліметінше, сағат 13.40-да шаңды дауылдан жолдың көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар тас жолының учаскесінде көлік қозғалысы уақытша жабылды», - деді МО ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.