Ертең, 5 сәуір күні Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыспалы, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Дауылды жел қаупі кезінде алдын ала балкондарыңызға тексеріс жүргізіңіздер. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бекіту керек немесе бөлмеге кіргізу керек.
Жеке автотранспорттарды ағаштардың жанынан және ескі құрылғылар маңынан алып тастау қажет. Балаларды қараусыз тастамаңыз. Қатты жел кезінде үйлердің жанында тұрмаңыз, шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін.
Қажетсіз сыртқа шықпауларыңызды сұраймыз.