Былтыр мемлекеттік қызметшілердің үстінен 33 әкімшілік іс қозғалды, 1 210 555 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов айтуынша, айыппұл мемлекет бюджетіне құйылған. Құқық бұзушылықтың басым көпшілігі жер қатынастар, архитектура және құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық және кәсіпкерлік саласында тіркелген.
«Азаматтардан 28 өтініш түсті, оның 19 өтініші қаралған. 9 өтініш құзыретіне қарай өзге органға жолданған.
18 өтініш бойынша тексерулер жүргізіліп, 9 адамның құқығы қорғалды. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» және «Жер қатынастары...» салаларына көп шағым түскен. Тексерулер кезінде барлығы 1 246 бұзушылық анықталған. Ең жиі кездесетін бұзушылық қатарында мерзімдері бұзу бар, яғни 160 немесе 12,7% пайызға қайталанған. ҚР ӘҚБтК 465 бабының 1,2 бөлігі, осы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы, сондықтан әкімшілік хаттама толтырылды. Басқа жауапкершілік болса, оны тәртіптік жауапкершіліке тартамыз. 33 хаттама да барлығында мемлекеттік қызметшілер өз кінәсін мойындап, өздері соған келісіп, айыппұлдарын төледі»,-деді Тоқтамыс Жұмағұлов.