18 наурызда Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Тұманға байланысты жүргізушілерден жылдамдықты төмендетіп, алда келе жатқан көліктен ара қашықтықты сақтауды сұраймыз.
Қолайсыз ауа райы жағдайында жаяу жүргінші өте мұқият болу керек, өйткені тұманда жүргізушінің көруі бірнеше есеге нашарлайды.