Жоба бойынша жұмыстардың бір бөлігін жазға дейін аяқтау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мамыр айына дейін негізгі кіреберістің құрылысы аяқталады, екі күзет бекеті мен бейнебақылау камераларын орнатылады. Маусым айында әйелдер, ерлер және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретханалар орнату жұмыстары аяқталады. Жаз маусымына дейін автотұрақ пен балаларға арналған ойын алаңдарына белгілер орнатылады. Аталған қызметтер тегін болады. Жұмыс істейтін аттракциондардың бір бөлігі қалады, ал жұмыс істемейтіндерін алып тастайды.
«Үш жыл бұрын кәсіпкер жұмыс істеп тұрған аттракциондарға 140 миллион теңге инвестициялаған. Ал оларды алып тастауға мәжбүрлеу адамгершілікке жатпайды. Жұмыс істемейтін аттракциондарға келсек, оларды алып тастауды талап етеміз", - дейді жоба жетекшісі Наз Баудин.
Жобаны жасаушылар "Ақбота" саябағы тұрғындарды қызықтыратын орынға айналуы тиіс екенін атап өтті. Саябақ 4 аймаққа, яғни, ойын, коммерциялық, әкімшілік және спорт болып бөлінеді.
«Субұрқақ пен құрғақ алаңын біріктіретін ойын алаңдары болады. Сондай-ақ мұнда мұғалімдер балаларға биология сабағын өткізіп, құстарға үй салуды үйрететін шеберлік сыныптары үшін алаң болады. Екінші жер – спорттық аймақ. Мұнда скейт мен воркаут алаңы, сонымен қатар мұз айдыны болады. Сауда аймағында аттракциондар болады. Қазіргі уақытта бекіту кезеңінде жасанды су қоймасы, спектакльдер сахнасы және амфитеатр бар. Сингапур ботаникалық бағының жобасы негізге алынды», - деді жоба жетекшісі.
Саябақта сатушы болмайды. Ал қалағандарға бірдей стильде коммерциялық алаңдар беріледі. Көліктерді жалға беруді алып тастау жоспарда жоқ, бірақ олар саябақтың жоғарғы аймағына көшіріледі, жүгіру жолдары да жөнделеді.
«Велосипед аймағы болмайды, себебі қауіпті, саябақ, ең алдымен, серуендеу аймағы. Велосипед аймағын жасасақ, мұнда жылдамдықты шектеумен ғана жүруге болады», - деді жоба жетекшісі.
Парк инвесторға сенімгерлік басқаруға берілді. Басты шарт – бес жыл ішінде оны жақсарту. Бұл шарттар орындалған жағдайда саябақ 49 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беріледі. Егер инвестор шарттарды орындамаса, онда әкімдік онымен шартты бұзуға құқылы. Жаңартылған саябақ жобасына компания 2 миллиард теңгеге жуық қаржы салып, коммерциялық жобалардан табыс табады деп жоспарлануда. Бұл ретте саябаққа кіру - тегін.