Ақтаудағы «Ақбота» саябағының периметрі бойынша 500-ге жуық ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр. Жұмыс ботаникалық бақпен ынтымақтаса жасалады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ботаникалық бақ «Ақбота» саябағы үшін 500 дана биота-шығыс көшеттерін береді. Сарапшылардың пікірінше, бұл жақсы тамыр алады, қазір көшеттер дайын тұр. Жақында отырғызуды жоспарлап отыр. Әзірге саябақтың периметрі бойынша отырғызу жоспарланған.
«Саябақ ішінде абаттандыру жұмыстарына байланысты техникалар жұмыс істейді. Сондықтан жұмыстар аяқталмайынша, саябақтың ішін көгалдандырудан пайда жоқ. Тұрғындарға ескертеміз, алдымен қураған ағаштарды алып тастаймыз, қураған ағаштарды кесеміз, қоқыс шығарамыз, топырақ дайындаймыз. Адамдар бәрін қиып, саябақты жалаңаш қалдырды деп ойлауы мүмкін. Жұмысты аяқтаған бойда Ботаникалық бақ нені, қалай және қайда отырғызу керектігін айтып береді. Бұл жұмыстарға шамамен 9 миллион теңге жұмсалады деп жоспарлануда», – дейді жоба жетекшісі Наз Баудин.
Маусым айына дейін саябақты автоматты суару жүйесімен қамтамасыз етпек.