Ақтауда «Ақбота» саябағының жобасы таныстырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әзірге мұндай мұз айдыны республика астанасында ғана бар. Синтетикалық мұз - 50 градустан +50 градусқа дейінгі температураға арналған. Оны жарты жылда бір рет жылтыратады, сырғанау сапасы нағыз мұздың сапасымен бірдей.
«Бұл мұз айдыны ашық болады. Жеңіл музыка, айналасында үйлер болады. Бұл жоспарда қарастырылған. Біз бұл жобаны жазға дейін жасағымыз келеді, бірақ мұны Ресейдегі зауыт қана жасайды. Сондықтан, саяси жағдайға байланысты зауытты әзірге құрал-жабдықпен қамтамасыз ете алмай отыр», – дейді жоба жетекшісі Наз Баудин.
Мұз айдыны 30-40 метр аумақты қамтиды. Оның алдын ала құны -70 миллион теңге.