Бүгін Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыс орталығында шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жел солтүстік-батыстан соғады,оның жылдамдығы батыста 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ақтауда 6 наурызда солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады , түнде екпіні 23 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Егер ауа-райы болжамында сіз көктайғақ немесе көктайғақ туралы хабарды естіген болсаңыз, абайлап жүріңіз және жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қолданыңыз.
Дауылды жел қаупі төнген жағдайда: балкондар мен лоджияларға тексеру жүргізу қажет. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бекітіңіз немесе бөлмеге өткізіңіз. Жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз. Мүмкіндігінше әйнекті ұрып-соғудан қорғаңыз және терезе рамаларын бекітіңіз.
Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды. Үйлердің ығында тұрмаңыз, өйткені шатыр материалдары құлауы мүмкін. Ерекше қажеттіліксіз сыртқа шықпау ұсынылады.