Бүгін Мемлекеттік қызметкерлер уақытша тергеу изоляторына қамалды. Аталған шара ГМ 172/10 мекемесінде өтті. Алдымен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері шақырылды. Оларға түзеу мекемесінің тыныс-тіршілігі көрсетілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуге қатысушылар күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын өз көздерімен көрді. Камералар, акт залы, жазалау камерасы, көше аумағы – мұның бәрі уақытша қонақтарға қызық болды.
«Акцияның мақсаты – мемлекеттік қызметте пара алудың алдын алу. Мұндай кездесулер өте тиімді және жемқорлық әрекеттердің алдын алуға септігін тигізетініне сенімдіміз. Бізде жүргендердің барлығы, сыбайлас жемқорлық жасаған адамдар да ортақ шартта жүр. Ешқандай артықшылықтар берілмеген. Күнделікті серуендеу ұзақтығы 1,5 сағат, тамақпен, төсек-орынмен қамтамасыз етеміз, туыстарымен кездесулер бар. Жемқорлықпен келгендер уақытша бізбен бірге. Одан әрі сот шешімімен олар жазаны тікелей өтеу орындарына жіберіледі», - дейді ГМ172/10 мекемесі басшысының орынбасары Азат Орынбасаров.
Ойын-сауықтардың бірі – кітапхана. Онда 4 мыңнан астам кітап бар. Күн сайын кітап саны өседі. Себебі бұл жұмыстармен қайырымдылық қорлары айналысады. Яғни, олар халықтан кітап жинап, облыстағы түзеу мекемелеріне сыйға тартады. Әртүрлі жанрдағы әдебиет – романдар, әңгімелер, детективтер. Отандық авторлардың кітаптары сотталғандар арасында өте танымал.
«Біз өз линиясы бойынща тексеруге тікелей қатысатын қызметкерлерді осы шараға тарттық. Себебі олардың қызметі ақшаға байланысты. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп және басқарма басшылары, былайша айтқанда, тәуекел тобына кіретін мамандар да бар. Өкінішке орай, 2020 жылы бізде бір жағдай болды. Біздің өртке қарсы қызмет қызметкері, кадр бөлімінің бастығы жұмысқа қабылдау үшін адамдардан ақша алған. Ол туралы қаулы шығарылып, сотталды, атағынан айырылды. Мұндай акцияларды өткізу тиімді және қажет деп санаймын», – дейді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.
Қазір тергеу изоляторында 230 адам отыр. Оның ішінде 11 адам сыбайлас жемқорлыққа қатысты. СИЗО қызметкерлерінің бақылауына қарағанда, мұндай қылмысқа ер адамдар жиі барады.