Ақтау ойын алаңдарына орнатылып жатқан сырғанақтарды сынаған тұрғынға қала әкімдігі жауап берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Жұмыстар әлі толық аяқталмады. Балалар ойын алаңының жабдықтары қалаға енді жеткізіліп, орнатылып жатыр. Қала әкімдігі әлі қабылдаған жоқ», - деді Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Ақтау қаласының тұрғыны 5 шағынаудандағы ойын алаңға орнатылған сырғанақтың жоғарғы жабын қабығы түсіп кеткенін айтқан еді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА