© фото egemen.kz
Қала тұрғыны 17-шағын ауданда мектеп жоқ екенін айтып, шағымданған. Желі қолданушысының сұрағына Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Эльдар Машырықов жауап берді. Оның айтуынша, аталған шағын ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 1200 орындық мектептің жобасы жасақталып жатыр. Жобалау жұмыстарын аяқтап, І тоқсанның аяғына дейін сараптамаға жолдау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары сараптама қорытындысы алынғаннан кейін басталады.
- Облыс әкімдігінің телеграм каналына жолданған сауал жауапсыз қалмайды. Мәселен, күні кеше Ақтау қаласы тұрғынының мектеп бойынша қойған сұрағына қала әкімдігі жедел жауап қайтарды. Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің телеграм каналын қолданушылар саны 9 019-ға жетті. Телеграм канал ашылғалы 4 189 сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 4 164 сұраққа жауап берілді, - дейді МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ әлеуметтік желімен жұмыс бөлімінің маманы Аймира Жанбуршина.