Күні кеше ғана шағынаудан тұрғындары ойын алаңдарының жөндеуден өтіп, сырғанақ, әткеншектермен жабдықталғанына қуанды. Бірақ қуаныш көпке бармады. Бүгін тұрғынның бірі құрылыстар жай-күйін суретке түсіріп, редакцияға жіберді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бесінші шағынауданның тұрғыны Гүлшат Абаева кешке қарай қызымен ойын алаңына шыққанын айтады.
"Таңертең жұмысқа бара жатқанымда ойын алаңындағы жаңа сырғанақтың орнатылып жатқанын көрдім. Қатты қуандым, себебі осы уақытқа дейін үлкен балаларға арналған сырғанақ орнатуды сұрағар едік. Ал кешке баламмен сыртқа шыққанымда шошып кеттім. Сырғанақтың жоғарғы жабын қабығы түсіп кетті, тіпті бір күн де тұрмады! Сырғанақтың дәл осылай орнатылған болса, балалар бірден асфальтқа құлап кетеді», - дейді тұрғын.
Редакция қала әкімдігінен түсініктеме күтуде.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА