Биыл қарашада «Каспий» су тұшыту зауытын модернизациялау жұмысы аяқталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бүгін Мәжіліс депутаттары Еділ Жаңбыршин мен Самат Мұсабаев іс-сапармен облысқа келді. Олар "Каспий" су тұшыту зауытының жұмысымен танысты.
«Биыл «Каспий» су тұшыту зауытын жаңалау жұмыстарына 4,6 млрд теңге бөлінді. Зауыт директоры Нұрлыбай Аққұловпен сөйлесіп, жұмыс барысын бақыладық. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталайын деп тұр», - деді Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев.
Еске салайық, Ақтау халқына 50 мың текше метр су жетпейді. Ал қазіргі таңда «Каспий» су тұщыту зауытының қуаты 20 мың текше метр суды өндіруге жетіп тұр. Егер зауыт іске қосылса, тағы 20 мың текше метр суды өндіретін болады.
Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаевтың айтуынша, бұл Ақтау халқының ауыз суға деген сұранысын қанағаттандыра алмайды, десе де қажеттілікті өтейді.
Сонымен қатар ол жазда ауыз су тапшылығы азаятынын алға тартып отыр. Себебі «Каспий» су тұщыту зауыты этап бойынша аз-аздан су қуатын арттырып отыратынын айтты.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН