Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін, 16 ақпан күні сағат 8.20 шамасында 5 шағынауданда орналасқан №14 “Айгөлек” бөбекжайында тоқтың қысқаша тұйықталу салдарынан өрт шықты. Балабақша қызметкерлері өртті арнайы мамандар келгенше өз күштерімен сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Тоқтың тұйықталуы қалпына келтірілді.
Айта кетейік, Ақтау қаласының барлық балабақша қызметкерлері бұған дейін өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша оқу курстарынан өткен.