17-18 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының дәрігері, аритмолог-дәрігер Қамиев Ринат Тоқтажанұлы Маңғыстау облысының тұрғындарын қабылдайды, - деп хабарлайды mangystaumediа.kz сайты.
Хирургиялық емдеуді қажет ететін науқастарға Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Президенттік ауруханасына квота бойынша ота жасауға жолдама беріледі.
Консультацияны тағайындау кезінде пациент өзімен бірге электрокардиограммалар, күнделікті ЭКГ бақылау деректері, EchoCG деректерін ала келуі керек.
Айта кетейік, Ринат Тоқтажанұлы Семей мемлекеттік медицина академиясында және Е.Н.Мешалкин атындағы қан айналымы патологиясы ғылыми-зерттеу институты – аспирант, клиникалық ординатура бойынша білім алған.
РЖ абляциясы,бір және екі камералы кардиостимуляторларды имплантациялау, бір, екі және үш камералы кардиовертер-дефибрилляторларды имплантациялау сияқты процедураларды орындаған.
Консультацияға қабылдау Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының консультативтік-диагностикалық емханасында жүргізіледі.
Алдын ала жазылу телефоны: 8 777 550 25 26.
Дәрігер облыс тұрғындарын 17 ақпанда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Түскі үзіліс 14.00-ден 15.00-ге дейін.
Ал 18 ақпан күні қабылдау сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейінгі аралықта.
Әр науқасқа 20 минут уақыт беріледі.