Облыс әкімдігінің телеграмм каналы ашылғалы 3825 сұрақ келіп түскен. Күні кеше Ақтаудағы 19 шағын ауданның тұрғыны өзі тұратын жерде жол жоқ екенін айтып шағымданған болатын. Желі қолданушысының айтуынша, жаңбыр жауған күндері үйлердің арасы балшық, ал құрғақ күндері шаң борап мазасы кетеді екен. Тұрғын жауаптылардан осы мәселені шешіп беруін сұрады. Аталған мәселеге Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің өкілдері жедел жауап берді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығы. Жауаптылардың айтуынша, 19-шағын ауданға автокөлік жолын салу жоспарда бар екен.
Қазіргі таңда, жоба жасақталып, мердігер мекеме анықталған. Бюджеттен қаржы бөлінуіне қарай құрылыс жұмыстары басталады,- дейді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің өкілдері.
СНХ: Дина Ахметдин, МО ӘА "Қоғамдық коммуникация орталығы" КММ ақпарат және брифинг ұйымдастыру бөлімінің басшысы
- Облыс әкімдігінің телеграмм каналы ашылғалы аймақ тұрғындарының өздерін толғандырған өзекті мәселелерін ортаға салып, шешімін табуға ұмтылатын ашық алаңға айналды. 19 шағын аудан тұрғыны телеграм каналға өзі тұрып жатқан жаңа аудандағы жол мәселесін қозғаған сауалын жолдап, оған жауапты мекеме өкілдерінен жедел жауап алды. Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің телеграм каналына жолданған 3 797 сұраққа жауап берілді. Жалпы телеграмм каналға 8879 адам тіркелген. Тұрғындардың қойған сұрақтарына жауапты мекеме өкілдері дер кезінде жауап береді.